$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2020, 09:49
Экономика

Қазақстандықтар 1 жылда банкоматтан 14 трлн теңге шешіп алған

Елімізде cash-in жүйесі бар банкоматтар саны соңғы жылы күрт артқан

Қазақстандықтар 1 жылда банкоматтан 14 трлн теңге шешіп алған

2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 29,8 млн банктік карточка тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 57 пайызға көп деп жазады Finprom.kz. Ал, айналымдағы карточкалар саны – 32 млн болса, оның 18,2 миллионы жиі қолданылады екен.

Еліміздегі банкоматтардың саны да былтыр айтарлықтай өсіп, 11,3 мыңға жеткен. Банктер соңғы уақытта тек ақша беретін емес, ақшаны қабылдайтын cash-in банкоматтарын жиі орната бастапты.

Осы уақыт аралығында қазақстандықтар банктік карточкалары арқылы 13,8 трлн теңге шешіп алған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 11,3 трлн теңгені құраған болатын.

Ақшаны банкоматтан ең көп шешкендер – Алматы тұрғындары (4,1 трлн теңге). Астаналықтар 1,8 трлн теңгемен екінші орында тұр. Түркістан облысы мен Шымкент тұрғындары 1,6 трлн теңге шешіп алса, Қарағанды облысының халқы 1,1 трлн теңге алған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#теңге #банкомат