ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Ұлыбритания азаматы «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің төрағасы болды

Джон Дудас жалпы дауыс беру арқылы сайланды

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Премьер-Министр болған, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

2018 жылы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Премьер-Министр Қордың директорлар Кеңесінің құрамынан кетті.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады», - делінген ресми хабарламада.

Биыл 1 қаңтардан бастап Қордың Директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.

Айта кетейік, Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанипяларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Джон «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.