ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

Өткен жылы Қазақстанда 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Фото: inbusiness.kz

2019 жылы республика бойынша 359,5 млрд теңгеге 50 мыңнан астам көлік құралы шығарылды. «Азия Авто» зауытында 20 мың автокөлік, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорнында 25802 (жеңіл, жүк автокөліктері, автобустар мен арнаулы техника), «Hyundai Trans Auto» ЖШС-де 496 (автобустар, жүк техникасы), «КАМАЗ-Инжинирингте» 994, «Daewoo Bus Kazakhstan» зауытында 496 (автобустар, ГАЗель «Next») және «СемАЗ» кәсіпорнында 1851 техникалық құрал (жүк көлігі, автобустар, ГАЗель) шығарылды.

Елімізде жалпы 167 түрлі көлік құрастырылады, оның ішінде 33 жеңіл автокөлік. Nissan, Peugeot, Kia, Skoda, Hyundai, Renault, GM, IVECO, Daewoo, Ravon, JAC, SangYong сияқты әлемге әйгілі брендтермен ынтымақтастық орнатқан. 

«Өткен жылы автокөлік шығаратын отандық компанияларға қолдау көрсету мақсатында Ұлттық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында 5 жыл ішінде отандық өндірушілерге 100 млрд теңге (жылына 20 млрд теңгеден) бөлінеді. Аталған соманың алғашқы бөлігі 2019 жылдың қазан айында аударылды. Нәтижесінде қаражатты игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, 101,5 млрд теңгеге 20 мыңға жуық көлік құралы сатылды», - делінген ведомство хабарламасында.