ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Еуразиялық одақ елдерінде бірыңғай валюта бола ма?

Бүгін Сенат «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады

Бұл заң жобасын сенаторларға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов таныстырды. 

Жалпы, құжат  Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшарттың 70-бабына сәйкес әзірленген дейді, Біртанов. Оның айтуынша, заң жобасы «ортақ қаржы нарығын құру, банктік  сақтандыру және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторында лицензияларды өзара тану, қаржы нарықтарына шектеусіз кіру, қаржы нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды көздейді». Ал, Еуразиялық Одаққа мүше елдердер 2025 жылға дейін заңнаманы өз елдерінің нормативтік құжаттарымен үйлестіру жұмысын аяқтауы керек.

«Келісім қаржы ұйымдарының Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің өзара нарықтарына кіруі үшін кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бірақ, келісімде және  Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшартта  бірыңғай валютаны енгізу немесе валюта одағын құру көзделмеген», - деді Есжан Біртанов ортақ валюта туралы сұраққа жауап бере отырып.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан