$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 12:56
Экономика

Ұлттық банк төрағасы ел экономикасы оңалатын кезеңді атады

2020 жылы Қазақстанда ЖІӨ 2,6%-ға қысқарған

Ұлттық банк төрағасы ел экономикасы оңалатын кезеңді атады
Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Асқар Мамин 2021 жылдағы басты мақсат – Қазақстан экономикасының өсімін 3% деңгейінде қамтамасыз ету екенін айтты.

Ал, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көлемі 2,6%-ға қысқарғанын еске салып, 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап экономика оң нәтиже көрсететінін мәлімдеді.

«Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай бағасы барреліне 45 доллар болған кезде өсім 3,7-4% деңгейінде болады деп күтілуде», - деді Ерболат Досаев.

Досаевтың айтуынша, пандемия барлық елдің экономикасына әсер етті. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік экономиканың қысқаруы 4,4%-ті құрайды. Негізгі дамушы елдердің ішінде экономика өсімі бойынша жалпы ішкі өнімі тек Қытайда ғана өскен (2,3%). Алайда, ҚХР-да да соңғы 45 жылдағы ең төменгі нәтиже тіркеліп отыр.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

 

 

 

Серіктес жаңалықтары