Пандемия Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымына қаншалықты әсер етті?
2020 жылы Вьетнамнан импортталған негізгі тауар түрлері жарияланды
Қазақстан мен Вьетнам елдері арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдан бастау алады. Ал, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дами бастағаны беріректе.
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы мәліметіне сәйкес, 2020 жылы екі ел арасындағы сауда қатынастары 346 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі - $46,4 млн, импорт үлесі - $300,2 млн.
Қазақстаннан экспортталатын тауар түрлерінің топ бестігі мынадай:
Вьетнамға қазақстандық экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,6%-ға төмендеп, $46,4 млн құрады. Экспорттың қысқаруы мынадай тауарларды жеткізудің төмендеуімен негізделеді:
- өңделмеген қорғасын - 59,5% (56,9 млн доллар);
- темекі, оның сығындылары мен эссенциялары - 81,6% (4,7 млн доллар);
- бидай – 100% (2,9 млн доллар);
- кадмий және одан жасалған бұйымдар - 41,2%-ға (799,3 мың доллар) азайды.
Ал 2020 жылы Вьетнамнан импортталған негізгі тауарлар мыналар:
Былтыр Қазақстан тарапы Вьетнамнан $300,2 млн сомасына тауарл импорттады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 14,9 %-ға жоғары ($261,4 млн). Кей тауар түрлеріне қатысты импорт көлемі азайды:
- баспа жабдығы - 45,8% (2,8 млн доллар);
- шаңсорғыштар - 7,8% (1,1 млн доллар);
- қара металдардан жасалған металл конструкциялар – 100% (522,1 мың доллар);
- кешью, бразилиялияқ және кокос жаңғағы - 20,8% (458 мың доллар);
- теледидар, монитор және проекторлар - 55,2%-ға (367,1 мың доллар) азайды.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 17 қазанында Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы өтті (1997 жылдан бастап). Екі ел арасындағы сауда қатынасы пандемияға қарамастан жалғасты.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан