$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 11:28
Экономика

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік бағасы 4,4%-ға өскен

Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік бағасы 4,4%-ға өскен
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 4,4%-ға өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биылғы жылдың басынан бастап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті. Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп бағалары көрсетті. Басты себебі – егістік аумағының қысқаруы. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі барлық аймақтарда байқалады. Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылды. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауарлардың бес түрінде бағаның төмендеуі байқалуда. Мәселен, қырыққабақтың бағасы 21,4%-ға төмендеді», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, жалпы өсім көрстекіші 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі есеге төмендеген.

«Аталған өсімнің 90%-ы, яғни 4,1 пайыздық пункті, елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңде тіркелді. Мұның негізгі себептері карантиндік шаралармен байланысты азық-түлікке дүрлікпе сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгергені, маусымаралық кезеңдегі тапшылық болды. Сонымен қатар, биылғы жылдың мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады. Атап айтқанда, бағалар мамырда 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде өспей, тамызда тіпті -1%-ға төмендеді», - дейді министр.

Серіктес жаңалықтары