$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 12:52
Экономика

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып 30 жастағы Олжас Төлеуов тағайындалды

Ол экономикалық тақырыптағы TENGENOMIKA телеграм-каналының негізін қалаған

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып 30 жастағы Олжас Төлеуов тағайындалды
Фото: facebook.com/nationalbankkz/

Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. мәселелерге жауап береді.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебін және Ұлттық банктің магистратурасын тәмамдаған. Әр жылдары AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде О. Төлеуов басқарушы директор лауазымына дейін өсіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламалар әзірлеуге қатысты.

Одан бөлек, 3 жыл бойы Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляцияны таргеттеу, экономикалық модельдеу және зерттеулермен айналысты. Кейінірек Олжас Төлеуов БАҚ жиі сілтеме беретін экономикалық тақырыптағы танымал TENGENOMIKA телеграм-каналын ашты.

Олжас Төлеуов жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да вице-президент болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті әкімшілігінің жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі.

Серіктес жаңалықтары