$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 15:40
Экономика

Карантиндегі шектеулер зейнетақы қорының салымшыларына қалай әсер етті

Пандемия тұсында табысы азайған, жұмыссыз қалған қазақстандықтардың зейнетақы қорына қанша қаражат аударғаны айтылды

Карантиндегі шектеулер зейнетақы қорының салымшыларына қалай әсер етті
Фото: Батыржан Беспаев

LS-тің ресми сауалына жауап берген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ баспасөз қызметі ағымдағы жылдың қаңтарынан шілде айына дейін 3,02 млн салымшы бірыңғай жиынтық төлем арқылы 2,27 млрд теңгеге жеке зейнетақы шотын толтырғанын хабарлады. Оның ішінде 1 млн-нан астам адам алғаш рет жеке зейнетақы шотын ашқан. Олардың қатарында 20 жасқа дейінгілер - 39%, 21 мен 30 жас аралығындағылар - 27%, 31-ден 40 жасқа дейінгілер - 13%, 41-50 жас аралығындағылар - 11%, ал 50 жастан асқан тұрғындардың үлесі 10%-ды құрайды. Жаңадан жеке шотын ашқандардың 58 пайызы – ауылдықтар, қалған 42 пайызы қала тұрғындары.

Сәуірде жаңадан 941,4 мың шот ашылып, 2,9 млн жеке зейнетақы шотына 3 млн-нан астам зейнетақы жарнасы аударылған (1,7 млрд теңге). Бұл тұрғыда ең төменгі көрсеткіш қаңтар айында тіркелді. Бұл айда бар-жоғы 51,2 мың жарна жасалып, салымшылар небәрі 28 млн теңге жинақ аударған.

Сондай-ақ БЖЗҚ баспасөз қызметі карантиндік шектеулердің енгізілуі және іскерлік белсенділіктің төмендеуі зейнетақы төлемдеріне қалай әсер еткенін айтты.

«2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында орташа есеппен (БТЖ төлеушілерді есепке алмағанда – ред.), 599 мың жеке тұлға зейнетақы шотына 959 мың рет төлем аударған (5,8 млрд тг). Сәуір-мамыр айларында 309 мың жеке тұлға зейнетақы шотына 403 мың рет төлем жасаған (2,6 млрд тг), маусым-шілде айларында 432 мың жеке салымшы 657 мың рет төлем жасаған (4,2 млрд тг)», - деп түсіндірді БЖЗҚ.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте Үкімет БЖЗҚ-дағы ақшаның бір бөлігін үй алуға, емделуге жұмсауға және басқа компанияға аударуға болатыны туралы тұжырымдамамен таныстырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қордан ақша алу тәртібі қалай жүзеге асатынын, қанша сомаға дейін алуға болатынын, ипотека жабудың қалай жүзеге асатынын түсіндіріп берді. 

Серіктес жаңалықтары