$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2020, 16:56
Экономика

Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жиналады

Жиналған өнімнің көп бөлігі экспортталады

Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жиналады
Фото: inbusiness.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл диқандар 18 млн тонна шамасында астық өнімдерін жинайды деген болжам айтты. Министрдің айтуынша, бүгінде дәнді-дақыл егілген алқаптардың 63%-ы орылып біткен.

«Шамамен 18 млн тонна астық аламыз. Қазір 11,5 млн тонна астық бастырылды. Егін өнімдерінің көп бөлігі экспортқа кетеді. Шамамен дән түрінде 7-8 млн тонна астық пен ұн экспортталады. Бұрыннан келе жатқан Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Иран сияқты елдерге экспорттаймыз. Қытайға кететін ұн мен астық экспорты молаяды», - деп мәлім етті Сапархан Омаров.

Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін астық шаруашылығына тікелей қатысы бар Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы ұлттық бағдарламаның тұжырымдамасы дайындалады. Сапархан Омаровтың пікірінше, бұл өте маңызды құжат.

«Ұлттық бағдарламаның тұжырымдамасын жобалау өте маңызды іс. Сондықтан, біз алдымен ауыл шаруашылығы өндірушілері қауымдастықтарымен, бизнес өкілдерімен талқылау өткізуге міндеттіміз. Құжаттың алдын ала жобасы келесі жылдың мамырында дайын болуы мүмкін», - деп хабарлады министр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары