$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2020, 10:39
Экономика

Қазақстандық тауарларды Беларуське сату 38%-ға төмендеді

ЕАЭО елдері арасында өзара сауда-саттық 14% төмендеді

Қазақстандық тауарларды Беларуське сату 38%-ға төмендеді
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда-саттық көрсеткіші соңғы төрт жылда алғаш рет теріс тенденцияны көрсетті. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің алыс-берісі бірінші жартыжылдықта шамамен 24 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдан 15% кем, деп жазады Курсив.

КІМ ҚАЙДАН САТЫП АЛАДЫ

Одақтағы саудада Ресей көшбасшы. Оған өзара экспорттың жалпы көлемінің шамамен 62%-ы тиеслі. Ресей Федерациясының дәл осындай үлесі 2018 жылы болған. ЕАЭО экспорттаушылары арасында Беларусь екінші орында (26,3%), үшінші орында – Қазақстан (9,8%). Ең азы Армения (1,1%) және Қырғызстанның (0,9%) жеткізушілеріне тиесілі.

ЕАЭО-дағы қазақстандық тауарлардың негізгі сатып алушысы - Ресей (88%). Қазақстан одан алты айда 2,1 млрд доллар алды, сонымен қатар Беларусьтің (93%) және Арменияның (96%) «еуразиялық» экспортында ресейлік бағыт басым.

Одақ елдерінен импортталатын тауарлардың 94%-ын Қазақстан Ресейден сатып алады. Беларусь елінде ЕАЭО-дан келетін барлық импортта ресейлік тауарлардың үлесі - 99%, Арменияда - 96%, Қырғызстанда 71% құрайды. Ресей Федерациясы өз кезегінде, тауарлардың көп бөлігін беларусьтардан сатып алады (қауымдастыққа мүше елдерден келетін импорттың 70%).

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС

2020 жылы Қазақстан ЕАЭО-ға экспорт көлемін 19,7%-ға, немесе 2,9 млрд доллардан 2,3 млрд долларға дейін қысқартты (2019 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда). Қазақстандық тауарларды Беларуське (-38%), Ресейге (-20%) және Қырғызстанға (-12%) сату төмендеді.

ЕАЭО-дағы ең танымал қазақстандық тауарлар – минералды өнімдер мен металдар бірінші жартыжылдықта тиісінше, 10 және 35% аз табыс әкелді. Тауарлардың басқа топтары да айтарлықтай азайған: химиялық өнімдермен жабдықтау 14%-ға, азық-түлік және ауылшаруашылық шикізаттары 22%-ға, машиналар, жабдықтар - 15%-ға төмендеді.

Серіктес жаңалықтары