$ 496.85  585.54  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тыйым салған жоқпыз, керісінше, квота бердік»: АШМ сиыр етіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Министрлік экспорт үшін сыртқы нарық жабық деген мәліметті жоққа шығарды

«Тыйым салған жоқпыз, керісінше, квота бердік»: АШМ сиыр етіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін экспорттауға арналған сыртқы нарықтар жабылды деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында осындай ақпарат тарағанын айтып, ресми мәлімдемені ресми сайтына жариялаған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, сыртқы сауда саласына қатысты шектеуді тек бір министрлік емес, бірнеше мекеме бірлесе қабылдайды екен.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай шешімдер бірнеше мемлекеттік органнан тұратын Ведомствоаралық комиссияның құзыретіне жатады. Оның құрамына Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кіреді. Сондықтан, экспорттық тәртіпті енгізу немесе өзгерту жөніндегі шешімдер комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен жағдайды жан-жақты талдау негізінде бірлесіп қабылданады», - деп хабарлайды АШМ.

Оның үстіне, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың 29 тамызда Ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттауға тыйым салған жоқ, керісінше 2025 жылдың соңына дейін 13 мың тонна көлемінде квота белгілеу тетігін енгізген. Кейін квота 2026 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін 20 мың тонна квотаны ұзартқан.