«Самұрық-Қазына» былтыр 2,1 трлн теңге таза пайда тапқан
Бұл туралы үкіметтің сайты мәлімдеді
2025 жылғы бағалау бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кірісі 19,1 трлн теңге, ал, таза пайдасы 2,1 трлн теңге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, бүгін премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізген.
«Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есепті кезеңдегі өндірістік және қаржылық қызметтің нәтижелерін бяндады. 2025 жылғы бағалау бойынша Қордың кірісі 19,1 трлн теңгені, EBITDA 5,4 трлн теңгені, таза пайда 2,1 трлн теңгені құрады. Басқарудағы активтер $88 млрд-қа дейін немесе 2024 жылмен салыстырғанда 9%-ға өскен», - деп жазады үкіметтің сайты.
Бұдан өзге, дереккөзге сүйенсек, 2025 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 10 жобаны аяқтаған.