«Өндірісі тарихқа енді»: Тамара Асар жолдасының бизнесін мақтап, марқайды (ВИДЕО)
Оның тауары отандық брендтер қатарына енген
Әнші Тамара Асар күйеуі Жұмаш Айтжанұлының кәсіпорны үздіктер қатарынан табылғанын айтып, құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын! Сіз үшін, және сіздің өндіріс үшін шынайы қуанып, абырой-амандығыңызды тілеп жаныңызда жүре берейік. Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа, өздері айтып отыратын еді… Әттең… «Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan» кітабы - Қазақстан тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы кітап. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері ұсынылған», - деп жазды Тамара Асар.
Әнші атағандай, осы кітаптың жаңа басылымына Астық зауыты да енді.
«Шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер. Қазақстан өндірісіндегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер. Әр жетістігімізге шын қуанып, шын құттықтайтын жақын жандар көп болсын», - деп жазды әнші.