10.02.2025, 15:45
Мәдениет
«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы қашан шығатыны белігілі болды
Туынды көрерменге наурыз айында жол тартатын болды
Фото: Qalan
Қазақ киносының классикасына айналған «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы наурыз айында көрерменге жол тартатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қожа: Жаңа саяхат» деп аталатын жаңа фильмді наурыз айынан бастап кинотеатрлардан көруге болады. Соңғы уақытта Сұлтан мен Қожаның суреттері бар жарнамалық билбордтар қаланың әр бұрышында көзге түсіп жүр. Бұрынғы фильмнің басты кейіпкерлеріне ұқсас бейнелер көрермендер арасында ерекше әсер қалдырды. Ол туралы редакциямыз да жазған еді.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісімен түсірілген алғашқы фильм 1963 жылы жарық көріп, көрермендердің сүйікті киносына айналған еді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды