«Тағы да сол мәселе»: Ерке Есмахан өкінішті хабарын айтты
Ол АҚШ-тағы концерті өтпейтінін жеткізді
![«Тағы да сол мәселе»: Ерке Есмахан өкінішті хабарын айтты](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/11/67ab0492956a9468328701.webp)
Әнші Ерке Есмахан Америкаға берілген визаның қысқалығынан АҚШ-тағы концерт өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақпанның 5-і виза тапсырдық. Оны күні визасы бар паспортты алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де солай. Біздің концерттерге мүлдем сай емес. Білікті мамандармен ақылдасып, шешімге келдік. Әрине, визадағы датамен барып, АҚШ-та қалуға болады. Бірақ жаңа президенттің тапсырмасымен бұл жағдай қатаң бақылауда тұр. Сондықтан ұйымдастырушыларға айтып, концерттерді кейінге қалдырдық», - деді ол.
Ерке Есмахан осымен Америкаға үшінші рет жолы түспей отырғанын айтты.
«Исламға аяғым ауыр кезде визамен кедергі болып, Райм өзі барып концерт қойды. Одан кейін де виза, енді міне тағы да сол мәселе. Үшінші рет бұйырмады. Бір жағынан қайыр, қазіргі жағдайымды ескеріп, 20 сағаттық жол ұзақ та шығар деп отырмын. Сабырға келіп, ақылға салып, жағдайды босаттым», - деп жазды ол.