Димаштың әні Billboard хит-шеруінде үздік ондыққа енді

Azattyq Rýhy

Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты

Қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде 6 орынға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Dimashnews.com порталының жазуынша, әнші «Fly Away» әнін алғаш рет Сочиде өткен «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын. Ән авторлары – Еліжан Ғаббасов пен Джордан Аракелян.

Айта кетсек, Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты. Жаңа музыка индустриясының ең беделді дереккөзі саналатын аталмыш чарт Twitter желісіндегі қолданушылардың әншілердің әні мен есімін қанша рет атағаны бойынша рейтинг құрайды.

Ал Billboard журналы жаһандағы музыкалық тенденцияларды және олардың нақты уақытта қалай талқыланып жатқанын бақылайды. Осыдан кейін бақылау қорытындысын басқа чарттардың нәтижесімен бірге жариялайды.

Өткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді. Осы аптаның қорытындысы бойынша Димаштың композициясы Twitter-дегі ең көп айтылатын және талқыланатын әндердің ондығына кірді. Осылайша бір аптаның ішінде 13 сатыға көтеріліп, 6-орынға шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.