$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.11.2021, 05:53
Мәдениет

Украина Максим Галкинді  ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін адамдардың тізіміне енгізді

Әзілкеш бұл тізімге 259-шы болып тіркелді

Украина Максим Галкинді  ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін адамдардың тізіміне енгізді
Фото ашық дереккөзден

Ресейлік әзілкеш Максим Галкин Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әртістер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Газета.ру.

Украинаның  Мәдениет министрлігі Қауіпсіздік кеңесінің өтінімі бойынша "қара тізім" жасайды. Әдетте себеп – әртістердің ресейшіл риторикасы, олардың Қырымға баруына келіп тіреледі. Галкин бұл тізімге 259-шы болып тіркелді.

Елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндердің тізіміне ену деген сөз Украинада сол әртістің фильмдері, бағдарламалары, клиптері көрсетуге тыйым салынатынын білдіреді. Ал ресейлік әртіс Максим Галкин хабарламаларға бұл мәселеге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.  

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Киевтің әрекетіне әлеуметтік желі арқылы түсініктеме берді.

"Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қаіп төнді, оған ресейлік әзілкештер қауіп төндіреді. Украиналық әзіл-сықақшылар енді қауіпке қарсы тұра алмайды, себебі бәрі саясатқа араласып кетті ", - деп жазды ол әзіл-шыны аралас.

Айта кетейік, УкраинаныңМәдениет министрлігі әртістердің "қара тізімін" жасауды 2015 жылы бастады. Олардың көпшілігіне елге кіруге тыйым салынады. Әдетте, Киев бұл тізімге Ресей басып алған аумақ деп санайтын Қырымда өнер көрсеткен әртістерді енгізеді. Украина «қара тізімге» енгізген ресейлік атақты адамдардың қатарына Надежда Бабкина, Сергей Безруков, Федор Бондарчук, Михаил Боярский, Наталья Варлей, Валентин Гафт, Валерия, Григорий Лепс бар.

 

Серіктес жаңалықтары