08.03.2021, 23:48
Мәдениет
«Жайнай беріңіздер»: Димаш қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады
Әртіс өз тілегін үш тілде жолдады
Фото: РИА Новости
Әнші Димаш Құдайберген қазақстандық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Әртіс өз тілегін үш тілде жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Димаш қыз-келіншектер мен аналарға арнаған жылы лебізін Instagram-парақшасында жариялады.
«Қымбатты аналар, әпкелер, қарындастар! Гүл көктемнің көркем мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Нәзік гүлдей құлпырып, әсемдіктің жаршысы, өміріміздің көркі болып жайнай беріңіздер! Жанарларыңыз нұрға, жүректеріңіз шаттықты жырға тола бергей! Шаңырақтарыңызға құт қонып, ырыс, несібелеріңіз арта бергей! Бақытты болыңыздар!», - деп жазды әнші.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді