26 млрд 36 млн теңге: Нұр-Сұлтанда салынатын жаңа театр құрлысына бөлінген қаржы

Azattyq Rýhy
15.11.2019, 16:06

Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын  халықаралық компания салады. Құрылысқа қажетті 26 миллиард 36 миллион теңге қайдан алынғаны белгілі болды.

Театр салу үшін 47 жер телімі тәркіленді

Қаллеки әртістерінің аядай ғана сахнада спектакль ойнап келе жатқанына отыз жыл таяды. Енді бірнеше жыл «шыдаса», академиялық дәрежесі бар театр үш қабатты заманауи ғимаратқа көшпек.

Бұл жобаның анық-қанығын, құрылысқа бөлінген қаражат көлемін, ғимаратты қандай компания салатынын білу үшін елорда әкімдігіне хабарластық. Бірақ, Қаллеки театры жаңа ғимаратқа көшкен соң, бұрынғыдай әкімдік балансында емес, Президент іс басқармасының құзырына өтетіні белгілі болды.

Дегенмен, театр салынатын жерді «дачалардан» тазалап жатқан -  Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын-үй саясаты басқармасы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылдың 13 наурызындағы №510-382 қаулысына сай, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің арасында, № 23-15 көшедегі  жер телімдері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылып жатыр.

Azattyq Rýhy тілшісінің ресми сауалына жауап берген құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы барлығы 47 жер телімі мәжбүрлеп иеліктен алынатынын хабарлады.

«Нысаналы мақсаты басқа 46 бағбандық участок пен 1 жер учаскесі. Бүгінге дейін 35 бағбандық участокты сатып алдық, олар бұзылды. 5 бағбандық участокты мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесі сот тәртібімен қаралды, 1 бағбандық жер учаскесінің иесі мұрагерлік құжаттарын әзірлеп жатыр, жалдау уақыты аяқталуына байланысты 2 бағбандық участокты сатып алмаймыз, нысаналы мақсаты басқа 1 жер телімі басқа мақсатқа ауыстырылады», - деп хабарланған басқарманың жауабында.

Жерді түгел сатып алуға 124 миллион теңге жеткіліксіз

Жер телімдерін иелерінен сатып алу үшін қалалық бюджеттен 124 млн теңге бөлінген.

«Алайда, бөлінген қаржы жер учаскелерін сатып алу шараларын толық аяқтау үшін жеткіліксіз», - деп хабарлады дереккөз.

Бақшалық жер телімдеріне Ақмоладан бері ие болып келе жатқан адамдардың барлығы – Қазақстан Республикасының резиденттері. «Дача» салынған жерлер де, бос тұрған жерлер де иесі айтқан бағаға емес, нарықтын бағаға сай алынған.

«Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 67-бабына сәйкес, жер учаскесінің, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын сол жердегі жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіндегі құқықтың туындауына қарамастан, нарықтық бағаға сай айқындалады. Осы айтылып отырған жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланғандар Қазақстан азаматтары, 3 жер учаскесінің меншік иелері заңды тұлға», - деп жауап берді әкімдік.

Қаллеки тетарының жаңа құрылысын Самұрық-Қазына қаржыландырады

Үкіметтің 2019 жылдың 11 наурызындағы қаулысына сәйкес, «Астана қаласындағы Қазақ драма театры» нысанының құрылысын қаржыны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бөледі деп, міндеттелген.

«Компания по строительству обьектов» корпоративтік қоры мен «Mabco construction SA» (халықаралық құрылыс компаниясы - авт) арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес, Қазақ драма театры құрылысының құны 26 млрд 36 млн 600 мың теңгені құрады», - деп хабарлады Azattyq Rýhy тілшісінің ресми сауалына жауап берген «Самұрық-Қазына» констракшн» компаниясы.

Ал, Қаллеки театрының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жаңа театр ғимараты 22 мың шаршы метрден асатын аумаққа, үш қабатты етіп салынады. Көрермендердің ыңғайы үшін театрдың жеке автотұрағы қатар салынады.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның үздік шипажайы таңдалды
Димаш «Виктория» жүлдесінің екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Сұхбат
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді