17.11.2019, 12:31
Мәдениет
Димашты Жапониядағы жанкүйерлері күтіп алды
Әншінің Іnstagram парақшасына жариялаған видеосынан Жапониядағы жанкүйерлерінің қаншалықты көп екенін көруге болады
Токио қаласына барған әнші Димаш Құдайбергенді әуежайдан Қазақстанның туын ұстаған жапон жанкүйерлері айрықша құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күншығыс еліне барған сәтінің видеосын Іnstagram парақшасына жариялаған әншінің Жапониядағы жанкүйерлерінің қаншалықты көп екенін көруге болады.
«Жапонияға аман- есен келдік. Концертте көріскенше...», - деп жазады әнші видеоның астына.
Үou tube арнасында да Димашты жапондық dears-тарының қалай күтіп алғаны туралы видео жарияланды. Жанкүйерлері әуежайда Димаштың қазақ тіліндегі әнін шырқап, оның қазақ тілін әлемге танытқысы келген арманын орындап бергендей болды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді