«Мектепте де байыпты болатын»: Шерхан Қалмырзаға сабақ берген сынып жетекшісі не дейді
Ол спортшының тәрбиесінде атасы ерекше рөл атқарған дейді

«Қайрат» командасының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға Қосшы қаласында білім берген ұстазы әрі сынып жетекшісі Тазагүл Сәдуақасова спортшының бала кездегі суреттерін жариялап, жылы естеліктерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шерхан Қалмырза Қосшы қаласының орта мектебінде білім алған. Мектеп ұстаздары Шерханның кез келген іске байыппен қарайтынын атап өткен.
«Шерхан әрқашан белсенді әрі мақсатшыл болатын. Мектептің қоғамдық өміріне қатысып, достары арасында үлкен беделге ие болды. Тәртіпті, жауапкершілігі мол оқушы еді. Тіпті сабақта да спорттағыдай байыпты көзқарас танытатын. Оның армандары мен мақсаттары әрқашан биік болатын – ол ауқымды ойлаудан қорықпай, алдына батыл міндеттер қоятын. Оның қалыптасуына ең көп үлес қосқан – атасы. Ол Шерханға спортта ғана емес, өмірде де нағыз ұстаз әрі дос бола білді. Біз бұл қасиеттері Шерханға үлкен жетістіктерге жетуге және Қазақстанды әлемдік футбол ареналарында танытуға көмектесетініне сенеміз», – дейді сынып жетекшісі Тазагүл Сәдуақасова.
Қазіргі таңда Шерхан Қалмұрза «Қайрат» қақпасын қорғап жүр. Ол екі мәрте Жастар лигасының чемпионы атанды. Шерхан Қалмырзаның атағы «Реал Мадрид» пен «Қайрат» арасындағы ойыннан кейін арта түсті. Шерхан туралы толық материалды мына сілтемеден оқи аласыздар.