$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2025, 09:58
AR trend

Ақтауда түрік актері Бурак Өзчивитке талпынғандар қоршауды бұзып, бірінің үстіне бірі құлап түсті (ВИДЕО)

Ол «Қорқыт ата» кинофестиваліне қатысқан

Ақтауда түрік актері Бурак Өзчивитке талпынғандар қоршауды бұзып, бірінің үстіне бірі құлап түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Түрік актері Бурак Өзчевит Ақтауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» кинофестивалінің басты қонағы болды. Фестиваль 1–4 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актер Ақтаудағы жанкүйерлерінің видеосын Instagram парақшасына салған. Актерді көріп, суретке түсіргісі келгендердің нөпірі көп болғаны сонша, актерге ұмтылған адамдар қоршауды бұзып, бірінің үстіне бірі құлаған. Бұл жағдай өзге әлеуметтік желілерде таралып, ақтаулықтар сынға ұшырады.

«Адам көрмегендей, жабайылық танытыпты. Бурак Өзчевит келіп жүрген адам ғой. Осынша ұмтылғандары қызық болыпты», - деп жазған олар.

Танымал актермен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов та кездескен.

Кинофестиваль мәдениет және ақпарат министрлігінің, TÜRKSOY және ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сондай ақ, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Фестивальге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Мажарстан мемлекетінің кино майталмандары арнайы келіп қатысып жатыр.

«Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне 250-ге жуық кино майталманы жиналған.

Серіктес жаңалықтары