$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайраттың» қақпашысына «Реалға» қарсы ойыннан кейін су жаңа көлік сыйға берілді (ВИДЕО)

Шерхан Қалмұрзаға күтпеген сыйлық жасалды

«Қайраттың» қақпашысына «Реалға» қарсы ойыннан кейін су жаңа көлік сыйға берілді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

«Қайрат» командасының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов тосын сый жасады. Белгілі бизнесмен жас спортшыға су жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік кілтін табыстау сәтін кәсіпкер Instagram парақшасында жариялады. Видеода Шерханды құттықтап, оған автокөлік сыйлап жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желідегі әсер

Бұл жаңалық желіде қызу талқыланып, қазақстандықтар Шерхан Қалмұрзаны құттықтап, кәсіпкерге алғыстарын білдірді.

«Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді», «Шерхан жарадың, Ұлықбек, сен көпке үлгісің», «Үлкен жүректі адам», – деген пікір жазды.

Сыйлықтың себебі

Көліктің сыйға берілуіне Чемпиондар лигасындағы ойыны себеп болды. Бұл матчта «Қайрат» мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шыққан еді. «Қайрат» 0:5 есебімен ұтылғанымен, жас қақпашы жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Шерханның бір сейві Чемпиондар лигасының ресми парақшасында турдың үздік сәттерінің қатарына енді.

Серіктес жаңалықтары