«Тәубеңе келтіреді»: Сәкен Майғазиев елді алаңдатқан жазба жариялады

Автор: Дәулет Ботагөз

Оқырмандар әншінің жағдайына алаңдап қалды

Фото: Instagram.com/@saken_maigaziyev

Белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев қонақүйдегі лифтте қалып қойғанын айтып, Instagram парақшасында жазба жариялады. Оқырмандар әншінің жағдайына алаңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жарты сағат бойы лифт ішінде қалған

Өнер иесі іссапармен барған қаладағы қонақүйде күтпеген жағдайға тап болған. Әншінің айтуынша, жеделсатыда 30 минуттан астам уақыт тұрып қалған.

Майғазиев оқиғаны эмоциямен жеткізіп, ішкі ойын бөлісті.

«Әп-сәтте неше түрлі дүниелерді еске түсіреді. Тәубеңе келтіреді. Ең бастысы – ауа бар. Қызметкерлер бәрі жүгіріп жүр, Алла разы болсын. Адамның жаны қалмай, сені құтқаруға тырысқанын көргенде шүкір дейсің. Бір уақыттар келеді, ешкім ашып алуға тырыспайтын кездер де болады ғой деп ойландым…», – деді әнші.

Әншінің қалжыңы мен алғысы

Оқиғаны әзілге айналдырған өнерпаз:

  • Қызметкерлер: «Қазір шығарамыз, ешқайда кетіп қалмаңыз!» дейді. Қайда кетемін?, – деп жазды.
  •  Кейін аман-есен шыққанын хабарлап, «Баршаңызға мың алғыс! Ешқашан лифтте қалып қоймаңыздар!» деп жұртқа алғысын білдірді.

Әлеуметтік желідегі реакция

Жазбаны оқыған жанкүйерлер әншінің амандығына қуанып, жылы лебіздерін қалдырды. Бірі «Алла сақтаған екен» десе, енді бірі қонақүйдің жауапкершілігіне сын айтты.

Контекст

Сәкен Майғазиев – елге танымал әнші. Оның ұлы Әділеттің үйленуі – бұл әулеттің жаңа белесі. Тойға қазақ эстрадасының жұлдыздары мен танымал тұлғалар жиналды. Айта кетсек, Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бір-бірін алғаш қашан көргенін, танысқан сәтін әңгімелеп берді. Ал Әнші Ерке Есмахан перзентханада толғатып жатса да, Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын көруді ұмытпаған. Ұлының үйлену тойын онлайн көрсетемін деп басы дауға қалған әнші Сәкен Майғазиев бұл идеяны Мейрамбек Бесбаев айтқанын мәлімдеді. Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов тойда ерекше биімен қонақтарды таңғалдырды.

Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркеу ашып, жұрттың сөзіне қалған еді. Кейінірек Сәкен Майғазиев тұңғыш ұлы Әділеттің қалыңдығына қалыңмал ретінде қанша бергені және келіні мәһірге не сұрағаны белгілі болды. Ал Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева келінін бір көргеннен жақсы көріп кеткенін айтты. TikTok-та тараған ерекше ұзату рәсімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Видеода Сәкен Майғазиевтің келіні ұзату тойында ақ кілемге отырғызылып шығарылғаны байқалады.