$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2025, 11:36
AR trend

«Ешкімге білдірмей ел аралап жүретінбіз»: шетелде демалған Ерке Есмахан сырын ақтарды

Ол жақын құрбысы жайлы айтып берді

«Ешкімге білдірмей ел аралап жүретінбіз»: шетелде демалған Ерке Есмахан сырын ақтарды
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан қазір жолдасы Райымбек Бақтыгереевпен шетелде демалып жүр. Ол екеуі қыз-жігіт болған кезеңіндегі оқиғаны еске алып, досы жайлы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқырманына құрбысының суретін көрсеткен әншіге олар «Райммен үйленетін кезде Bulgari-де жұмыс істейтін қыз еді ғой, сол кезде көргенбіз» деп жауап қатқан.

«Оқырмандарымның есінде екен ғой. Кезінде жігіт пен қыз болып, ешкімге білдірмей ел аралап жүретінбіз. Күйеуім ол кезде жігітім еді, үнемі маған бренд сыйлайтын. Сондай күндердің бірінде Bulgari-ге сақина алуға барғанбыз, сонда осы қызбен таныстым. Ол сол жерде жұмыс істеп жүрген. Кейін TikTok-та «Райм мен Ерке» деп шулаған сәтте, көп адам осы қызға «қасыңда Райм болды ма?» деп жазған екен. Ол түсінбей қалған. Қазір бәрін еске алып, күліп алдық», - дейді ол.

Әнші атағандай, барлық шетел сапарларында жанында әрдайым Райм болған.

«Сол кезден бастап дос болып кеттік, қазірге дейін байланыстамыз. Қазір Cartier-де жұмыс істейді. Саудасы жүрсін деп, одан көзілдірік алдым. Алдында телефон сыйлаған едік. Бүгін сөмке сыйладық», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары