$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2025, 16:59
AR trend

«Қорқынышты әрі қиын»: Жұлдыз Әбдікәрімова 3-4 жыл бұрынғы өмірі туралы айтып, елді елең еткізді

Актриса балаларының тәрбиесіне тамсанды

«Қорқынышты әрі қиын»: Жұлдыз Әбдікәрімова 3-4 жыл бұрынғы өмірі туралы айтып, елді елең еткізді
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сәбилі болғаннан кейін екінші қызы мектепке бауырын өзі дайындағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның қызы Алау Нұртас інісіне киімді өзі алғанын жеткізген.

«Өмірімізде алғаш рет мектепке дайындыққа анамызсыз бардық. Шынымды айтсам, өзімді ересек, өте жауапты сезіндім. Бірақ сонда да анамсыз біртүрлі болып тұрды. Қызық та болды: бәрін өзің таңдау, не алу керегін, не алмау керегін шешу. Өзімді үлкен өмірге кішкентай қадам жасағандай сезіндім», - деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова бір-біріне деген осындай қамқорлық пен құрметті көргенде, осы күнге дейінгі өмірі зая кетпегеніне қуанатынын айтты.

«Сол кезде замандастарым карьерада үлкен жетістікке жетіп жатқанда, мен үйде балаларға мейірім мен махаббатымды аямай, ешкіммен тайталаспай отырғанымның бүгінгі көрінісі – менің жетістігімнің бастамасы деп білемін, шүкір, 3-4 жыл бұрын өткен жолыма қарасам, ол одан да қорқынышты әрі қиын еді... Қазір сол күндерім үшін, мені өсіріп-пісіргені үшін алғыс айтамын. Жаратқанның бергенінен берері мол. Сондықтан 5 жұлдызыммен бірге әрі қарай одан да батыл, мықты, бақытты болып жүремін», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары