Бүгін, 09:59
AR trend

Актриса Жанель Мақажан ажырасқанға дейінгі және қазіргі жағдайын көрсетті

Ол өз сөзінде үш айда өзінің бет-әлпетін қалпына келтіргенін айтты

Актриса Жанель Мақажан ажырасқанға дейінгі және қазіргі жағдайын көрсетті
Фото: Threads/janellemakajan

Танымал актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханмен ажырасқанға дейінгі және кейінгі жағдайын көрсетіп, суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде үш айда өзінің бет-әлпетін қалпына келтіргенін айтты.

«Ажырасуды бастан өткеріп, дымсыз қалу оңай емес. Оның үстіне төрт балама деген жауапкершілік жалғыз менің мойныма артылды. Бірақ мен өзімді қолға алып, алдымен өзімнен бастадым. Өзімнің жағдайымды, келбетімді, ал ең бірінші бет-әлпетімнің жағдайын жақсартудан бастадым. Үш айдың ішінде осындай нәтиже көрсеттім», – деп жазды Жанель Мақажан.

Айта кетейік, осыған дейін актриса экс-күйеуінен алимент ала алмай жүргенін айтып, желіде жазба жариялаған.