Бүгін, 17:25
AR trend

Абай Асылхан алименттен қашып жүр ме? – танымал актриса экс-күйеуінен ақша сұраған хатын көрсетті

Жанель Мақажан балаларына дәрі-дәрмек алып бере алмай жүрген көрінеді

Абай Асылхан алименттен қашып жүр ме? – танымал актриса экс-күйеуінен ақша сұраған хатын көрсетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желі мен әртүрлі сериалдар арқылы елге танылған актер Абай Асылхан мен оның экс-жұбайы Жанель Мақажан алимент мәселесіне қатысты дауласып жүрген көрінеді. Актриса Абай Асылханның ажырасар алдында айтқан уәделері орындалмай жатқанын айтып, жазба жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұрын әлеуметтік желіде өздерін идеал отбасы ретінде көрсеткен бұл жұп бірнеше ай бұрын екі жаққа кеткендерін мәлімдеген. Жанель Мақажанның жазбасына қарасақ, дәл қазір алимент мәселесі ушығып тұрған сияқты.

«Екі-үш ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде күтуші, тамақ, балабақша, киім-кешектерінің ақшасын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Той, іс-шара өткізіп жүргенін ұзын құлақтан естіп жатырмын. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүрген сияқты. Сондықтан маған мықты адвокат керек. Өйткені, баланы дүниеге әкеліп, жауапкершілігінен қашқан адамды адамгершілікпен түсінбесе, заң қолдану керек деп ойлаймын. Дәл бұл адамның бұндай құйтырқы әрекет күткен жоқпын. Алайда өмірде бәрі болатынына көзім жетті», - деп жазған актриса.

Тағы бір жазбасында ол экс-жолдасынан ақша сұрағанын, бірақ «блокта» жатқанын айтып, дәлел ретінде сурет ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда алимент мәселесі өте өзекті. Бүгін хабарлағынымыздай, бір ғана Астананың өзінде әкелері балаларына 2 млрд теңге алимент қарыз.