Бүгін, 21:27
AR trend

Италияда әлемге әйгілі опера әншісінің вилласын тонап кетті

Ұрылар тенордың отбасына тиесілі вилладан шамамен 500 мың еуроның бағалы заттарын алып кеткен

Италияда әлемге әйгілі опера әншісінің вилласын тонап кетті
Фото: ВВС

Курортты Форте-деи-Марми қаласында белгісіз адамдар әлемге әйгілі тенор Андреа Бочеллидің отбасына тиесілі вилланы тонап кетті. Қылмыскерлер қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар, қымбат сағаттар мен сөмкелерді алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұрланған заттардың жалпы құны шамамен 500 мың еуроға бағаланып отыр.

Il Tirreno порталының жазуынша, оқиға 28 маусымға қараған түні Виттория-Апуана ауданында болған. Тонау кезінде вилла АҚШ-тан келген туристер отбасына жалға берілген, алайда сол сәтте үйде ешкім болмаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер үйге еш кедергісіз кірген. Себебі вилла тиісті деңгейде құлыпталмаған, ал күзет дабылы қосылмаған. Олар бағалы заттарды алып, көзге түсерлік із қалдырмай қашып кеткен.

Істі карабинерлер тергеп жатыр. Құқық қорғаушылар күдіктілердің кім екенін анықтау үшін қаладағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап жатыр.

Форте-деи-Марми мэрі Бруно Мурци муниципалитет қауіпсіздік шараларын күшейткенін мәлімдеді. Қалада полиция мен жеке күзет қызметінің қосымша мамандары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 140 бейнебақылау камерасы орнатылған, жақында тағы 26 камера қойылады.

Мэр жылжымайтын мүлік иелерін күзет жүйелерін белсенді пайдалануға шақырды.

Мақалада
#тонау #әнші #әлем