Майкл Джексон туралы фильм «Оппенгеймерді» басып озып, әлемдік рекорд орнатты
Майкл Джексонның өмірі мен шығармашылығына арналған «Майкл» өмірбаяндық драмасы байопик жанрындағы фильмдер арасында кассалық жиынтығы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Deadline басылымының хабарлауынша, туындының әлемдік кассалық түсімі 977 миллион долларға жеткен. Бұл көрсеткіш оған бұған дейінгі рекордшы - режиссер Кристофер Ноланның 975 миллион доллар жинаған «Оппенгеймер» фильмін басып озуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, бұған дейін «Майкл» картинасы Queen тобы мен оның фронтмені Фредди Меркьюриге арналған «Богемская рапсодия» фильмінің нәтижесін (911 миллион доллар) артқа тастап, тарихтағы ең табысты музыкалық байопик атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, фильмдегі басты рөлді Майкл Джексонның туған жиені Джаафар Джексон сомдады. Ал картинаның режиссері – Антуан Фукуа.