Бүгін, 00:24
AR trend

Түрік сериалдарының 35 жастағы жұлдызы өмірден өтті

Актрисаның денесі 15 маусым күні таңертең пәтерінен табылды

Түрік сериалдарының 35 жастағы жұлдызы өмірден өтті
Фото: irtemece/Instagram

Түрік киноиндустриясын қайғылы хабар есеңгіретіп тастады. Танымал телехикаялар арқылы көрерменге кеңінен танылған актриса Эдже Иртем 36 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Актрисаның денесі 15 маусым күні таңертең анасымен бірге тұрған пәтерден табылған. Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, бұған дейін ол туған күнін атап өткен. Өнер иесінің күтпеген қазасы туған-туыстары мен әріптестері үшін үлкен соққы болды. Осыған байланысты оқиғаның мән-жайын анықтауға құқық қорғау органдары кіріскен.

Актрисаның өкілінің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша өлімге жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Дегенмен нақты қорытынды сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін белгілі болады. Тергеу жалғасып жатыр.

Эдже Иртем актерлік жолын 2014 жылы бастаған. Он жылдық шығармашылық қызметінде ол көрерменнің ықыласына бөленіп үлгерді. Әсіресе «Мүкжидек шәрбаты», Запретный плод, «Жаңа келін» және «Бұл өмір – менікі» телехикаяларындағы рөлдері арқылы танымал болды.

Актрисаның мезгілсіз қазасы түрік киноөнеріне және оның шығармашылығын сүйіп көрген көпшілікке ауыр соққы болды.