$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 06:08
Әлем

Сирияда Асад режимі кезінде жаппай жерленген бейбіт тұрғындардың сүйегі табылды

Биліктің мәліметінше табылған орынға кемінде 175 адамның мәйіті жерленген

Сирияда Асад режимі кезінде жаппай жерленген бейбіт тұрғындардың сүйегі табылды
Фото: AP Photo/Omar Albam

Дамаск қаласының маңында кем дегенде 175 адамның мәйіті жерленген орын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Іздестіру топтары 25 мәйітті шығарды. Бейіт ұзақ жылдар бойы оппозицияның бақылауында болған, бұрынғы Шығыс Гутаға жақын жердегі егістік алқабында орналасқан.

Билік бұрынғы президент Башар Асад әскері бұл бейбіт тұрғындарды қоршаудағы аймақтан қашпақ болған кезде өлтірген деп санайды.

Сириядағы 14 жылға созылған азаматтық соғыс 2024 жылдың желтоқсанында көтерілісшілердің шабуылы кезінде Асадтың биліктен кетуімен аяқталды.

Еске сала кетейік, биыл шілдеде Сирия мен Израиль атысты тоқтату туралы ресми келісімге келді. Бұл шешімге АҚШ-тың тікелей делдалдығы және Түркия мен Иордания секілді өңірлік державалардың қолдауы арқылы қол жетті. Ал тамызда Сирия 13 жыл үзілістен кейін Ливиядағы елшілігін қайта ашты.

Серіктес жаңалықтары