Ерлі-зайыпты туысының мәйітін зиратқа балалар арбасымен апармақ болған
Оқиға Самарқан қаласында болды

Өзбекстанда жантүршігерлік оқиға болды. Ер мен әйел мәйітті қапқа жасырып, балалар арбасымен зиратқа апармақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nova24.uz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы
Бұл туралы елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше оқиға 24 тамыз күні таңғы сағат 5:30 шамасында Самарқан қаласында болған. Екі адамды махалла төрағасы байқап қалған.
Ол бос баклажкалармен беті жабылған күдікті қапты ашып, 53 жастағы ер адамның денесін тауып алған.
«Олардың айтуынша, марқұм әпкесінің күйеуі екен, қонаққа келіп, аяқ астынан қайтыс болған, оның денесін туысының үйіне апаруды ұйғарған көрінеді. Алайда махалла төрағасы оларды зиратқа бара жатқан жолда тоқтатқан. Ер адам мен әйел қашуға әрекеттенген, бірақ ұсталды», - делінген хабарламада.
Тергеу жүргізіліп жатыр
Тергеу тобы мәйіттен зорлық-зомбылық белгілерін анықтады. Ұсталғандардың үстінен Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.