$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2025, 22:05
Әлем

«Тоқаев мырзамен әңгімелестім»: Франция президенті желіде қазақ тілінде жазба қалдырды

Қазақстан мен Франция басшылары Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты және Оңтүстік Кавказдағы келіссөздерді де қарастырған

«Тоқаев мырзамен әңгімелестім»: Франция президенті желіде қазақ тілінде жазба қалдырды
Фото: Getty Images

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін қазақ тілінде жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

«Мен жаңа ғана Қазақстан президенті  @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық», - деп жазды Макрон.

Сондай-ақ олар халықаралық жағдайды, атап айтқанда, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты және Оңтүстік Кавказдағы келіссөздерді қарастырған.

Еске сала кетейік, бүгін француз тарапының бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.  

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары