$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2025, 23:18
Әлем

Қырғызстан тауларында ресейлік альпинист көз жұмды

Оның денесі әлі 7000 метр биіктікте жатыр

Қырғызстан тауларында ресейлік альпинист көз жұмды
Фото: pixabay

Ресейлік альпинист Наталья Наговицина Қырғызстандағы Победа шыңынан (7439 м) түсу кезінде қаза тапты. Оның денесі әзірге 7000 метр биіктікте қалып отыр, эвакуациялау жұмыстары ауа райы жақсарғаннан кейін жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy SHOT-қа сілтеме жасап.

11 күн аязда қалды

Наговицина таудан түсу кезіндегі оқыс оқиғадан кейін қиын жағдайға тап болды: экспедиция мүшелерінің бірі құлап кетіп, оны өзімен бірге тартып кетті, әйелдің аяғы сынған.

Альпинистке 7200 метр биіктікте шатыр құрылды. 11 күн бойы ол ас-сусыз 26 градус аязда жатты. Оның тек ұйықтайтын қапшығы және зақымдалған шатыры болды.

Экспедиция тағдыры

Басқа топтың мүшесі Илья Храбровтың айтуынша, Натальяның командасы шыңға шыққанымен, түсу кезінде күштері сарқылған. Төмен түскендер Наговицынаға қайта бара алмады.

Бұған дейін құтқару тобы ресейлік әйелге көмектеспек болған италиялық альпинистің денесін эвакуациялау үшін 4500 метр биіктікке көтерілген.

Наталья Наговицына төрт жыл бұрын күйеуі қайтыс болған биіктікке жақын жерде көз жұмды. Ол кезде Хан Тәңірі шыңында ер адамның денсаулығы нашарлап, Наталья соңына дейін оның жанында болды. Құтқарушылар әйелді ғана эвакуациялай алды. Күйеуін құтқара алмады.  

Серіктес жаңалықтары