23.08.2025, 15:22
Саясат
Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Олар екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтті
Фото: t.me/aqorda_resmi
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .
«Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті