24.08.2025, 10:02
Саясат
Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ол Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі», – делінген хабарламада.
Айта кетелік, кеше мемлекет басшысы Франция президентімен телефон арқылы сөйлескен еді.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
