$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-анасымен ғана бара алады

Жаңа ереже 2025 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді деген ақпарат бар

Енді 21 жасқа толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-анасымен ғана бара алады
Фото: туризм және спорт министрлігі

2025 жылдың 1 қазанынан бастап жасы 21-ге толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-анасымен немесе олардың заңды келісімі арқылы ғана бара алады. Бұл туралы Қазақстанның және Қырғыз елінің туроператорлары жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандағы HT.kz және Limpopotravel.kz туроператорларының және Қырғызстандағы Zyarat.kg операторының мәліметіне сүйенсек, Мысырдың Сыртқы істер министрлігі осындай өзгеріс енгізіп отыр.

Турпоператорлар жазғандай, кәмелет жасына толмаған балаларды ата-анасының біреуі немесе екеуі қатар ертіп жүруі керек. Егер жасөспірімдер туыс-туғанымен баратын болса олар орыс және ағылшын тілінде заңды рұқсат қағазын ертіп жүру керек.

Бұл өзгеріс Тәжістанда күшіне енгенін айта кетейік: бұл елдің 21 жасқа толмаған азаматтары тек ата-анасымен бірге немесе олардың заңды рұқсатымен ғана сапарлай алады.

Серіктес жаңалықтары