$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға сапарлайды

Сапар 30 тамыз – 3 қыркүйекке жоспарланған

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға сапарлайды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

«31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады. 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады», - деп хабарлайды Ақорда.

 

Серіктес жаңалықтары