26.08.2025, 09:14
Саясат
Шұғыл: Тоқаев кезекті Жолдауын қашан жариялайтыны белгілі болды
Ол ақпаратты президенттің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы биыл 8 қыркүйекте өтетін болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды», - деп хабарлайды Желдібай.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорда Тоқаевтың Қытайға сапарлайтынын хабарлаған еді.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
