$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады

Бұл – 31-ші тіркелген эпизод

АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады
Фото: © AP Photo / M. Zoelle

Гавайи аралындағы әлемге әйгілі Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Лаваның биіктігі 30 метрден асып, сейсмикалық толқындар тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жанартаудың атқылауы қалай басталды?

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, 22 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 14:04-те Килауэа жанартауы белсенділігін күшейтіп, жаңа атқылау кезеңі басталған. Бұл – 31-ші тіркелген эпизод.

  • Лаваның биіктігі 30 метрден асады;
  • Солтүстік жерле маңында жер асты дүмпулері сезілуде;
  • Атқылау бірнеше сағат бойы жалғасып жатыр.

Килауэа жанартауы жайлы

Килауэа жанартауы Гавайи аралында (Большой остров) орналасқан. Ол – Жер шарындағы ең белсенді вулкандардың бірі. Ғалымдардың айтуынша, Килауэа бірнеше ондаған жылдар бойы дерлік үздіксіз атқылап келеді.

Гавай халқы бұл жанартауды от пен лаваның құдайы – Пеле есімімен байланыстырады. Жергілікті мифологияда Пеле «от сақтаушысы» әрі аралдың қорғаушысы ретінде құрметтеледі.

Жанартаудың қандай қаупі бар?

Килауэа атқылауы кезінде:

  • лаваның ағысы тұрғын үйлерге қауіп төндіруі мүмкін;
  • күкірт диоксиді ауаға тарап, демікпе және басқа тыныс алу ауруларын асқындырады;
  • жер сілкіністері тіркеліп, ғимараттарға зақым келуі ықтимал.

АҚШ билігі әзірге эвакуация жариялаған жоқ, бірақ туристерге қауіпті аймақтардан аулақ жүруді ескертті.

Серіктес жаңалықтары