$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп бұйрығының кесірінен 66 мың тонна азық-түлік шіріп жатыр

Бұл 3,5 миллион адамның бір айғы азығы 

Трамп бұйрығының кесірінен 66 мың тонна азық-түлік шіріп жатыр
Фото: Freepik

АҚШ-тың гуманитарлық көмегінің тоқтауы: азық-түлік қоймаларда қалып қойды

АҚШ-тың гуманитарлық көмегінің қысқаруына байланысты 3,5 миллион адамды бір ай асырайтын азық-түлік қоймаларда шіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Reuters 66 000 тоннадан астам азық-түлік, оның ішінде құнарлы печенье, өсімдік майы, жармалар Джибути, ОАР, Дубай және Хьюстондағы қоймаларда өткен қаңтардан бері тұрағанын мәлімдеді.

Қаңтарда Дональд Трамп гуманитарлық көмек бағдарламаларын қысқарту туралы шешім қабылдаған. Ол АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) штаб пәтерін жауып, қызметкерлерін қысқартып тастады. Дубай қоймасында жатқан 500 тонна ашыққан балаға берілетін жоғары калориялы печеньенің жарамдылық мерзімі шілдеде аяқталады. Одан кейін бұл жануар азығына айналады немес мүлде көзі жойылады. Жалпы құны шамамен 98 миллион доллар болатын азық миллионнан астам адамды үш ай асырауға жететін еді.

Әлемдік аштық жайлы БҰҰ деректері

БҰҰ дерегі бойынша, әлемде 343 миллион адам ашығып отыр, оның 1,9 миллионы аштық шегіне жеткен. Әсіресе: 

  • Газа
  • Судан
  • Оңтүстік Судан
  • Гаити
  • Мали елінің халқы зардап шегіп отыр.

АҚШ әлем бойынша барлық гуманитарлық көмектің 38%-ын жіберетін ең ірі донор. Алайда USAID жұмысын тоқтатып тастап, қоймалардағы азық-түлік діттеген жеріне жеткізілмеді.

Сарапшылар ескертуі: мыңдаған адамның өмірі қыл үстінде

Сарапшылардың айтуынша, егер қоймадағы азық дереу таратылмаса мыңдаған адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары