Трамп тағы да шулатты: Ормуз бұғазы мен мұнай туралы даулы мәлімдеме жасады
АҚШ президенті әлемді тағы да даулы мәлімдемесімен таңғалдырды
АҚШ президенті Donald Trump өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазы мен аймақтағы мұнай ресурстары туралы резонансты жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тағы сәл ғана уақыт берілсе, біз Ормуз бұғазын оңай аша аламыз, мұнайды алып, орасан пайда табамыз. Бұл бүкіл әлем үшін нағыз “фонтан” болар еді», – деп жазды ол.

Бұл жазба Таяу Шығыстағы және әлемдік мұнай нарығындағы шиеленіс сақталып тұрған тұста жарияланды. Ормуз бұғазы әлемдегі мұнай жеткізудің негізгі бағыттарының бірі саналады. Сондықтан оны бақылау немесе пайдалану туралы кез келген мәлімдеме халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырады.
Трамптың бұл сөзі әлеуметтік желілерде де, сарапшылар арасында да қызу талқылана бастады. Себебі мұндай риторика жаһандық энергия ресурстары жеткізілімінің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін.