$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёл өмір бойына сотталды

Оған 3 айып тағылған 

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёл өмір бойына сотталды
Фото: REUTERS/Kim Hong-ji/ File Photo

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёлге үкім шығарды. Сот оны «билікті асыра пайдалану» және 2024 жылы желтоқсанда «бүлік ұйымдастыру» баптары бойынша кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін прокуратура 65 жастағы экс-президентті өлім жазасына кесуді сұраған болатын. Сот отырысында Юн Сок Ёлдің 2024 жылғы әрекеттері либералды-демократиялық конституциялық құрылымды бұзып, Ұлттық жиналыс пен Сайлау комиссиясының жұмысына нұқсан келтіргені дәлелденді.

Экс-президентке тағылған басты айыптар:

  • Парламент ғимаратын басып алу үшін әскерге бұйрық беру;
  • Оппозиция өкілдерін тұтқындауға әрекет жасау;
  • Саяси партиялардың ғимараттарына кіруді шектеп, заңсыз бақылау орнату.

Юн Сок Ёл өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол әскери жағдай енгізуді «президенттік өкілеттік» деп атап, бұл қадамды оппозицияның үкімет жұмысына кедергі келтіруімен түсіндіруге тырысты. Ол қазір Сеулдегі тергеу изоляторында отыр. Оның қорғаушылары сот шешіміне шағым түсіріп, істі Жоғарғы сотқа дейін жеткізбек. Бұдан бөлек, экс-президентке қатысты тағы 8 іс қаралып жатыр.