$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні шектеуі мүмкін

Тыйым 2026 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енуі ықтимал

Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні шектеуі мүмкін
Фото: © istockphoto.com

Франция билігі 15 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуді жоспарлап отыр. Бұл талап 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тиісті заң жобасы 2026 жылдың қаңтар айының басында парламент қарауына енгізіледі деп күтіліп отыр.

Заң жобасында қандай шектеулер бар?

Ұсынылып отырған құжатта екі негізгі норма қарастырылған. Біріншісі – әлеуметтік желілерді пайдалануға нақты жас шегін енгізу. Екіншісі – орта мектептерде ұялы телефонды толықтай пайдалануға тыйым салу.

Бастамашылар бұл шешімді ғылыми зерттеулермен негіздеп отыр. Мамандардың айтуынша, экран алдында ұзақ отыру жасөспірімдердің психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер етеді.

Жасөспірімдерге төнетін негізгі қауіптер

Зерттеулерде әлеуметтік желілерді бақылаусыз қолданудың бірнеше қаупі аталады. Олардың қатарында жағымсыз әрі зиянды контентке тап болу; кибербуллингке ұшырау; ұйқы режимінің бұзылуы және эмоционалдық күйзеліс бар.

Франция билігі осы қауіптердің алдын алу үшін қатаң шектеулер қажет деп есептейді.

Франция Аустралия тәжірибесіне сүйенуі мүмкін

Айта кетейік, бұған дейін Аустралия кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік желілерге қатысты ұқсас шектеулер енгізген. Франция да осы тәжірибені үлгі ретінде қарастырып отыр.

Егер заң қабылданса, Франция балалар мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігін күшейткен елдердің бірі болмақ.

Серіктес жаңалықтары