$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2025, 14:16
Әлем

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына толықтай тыйым салды

2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін барлық кәмелетке толмаған қолданушылардың аккаунттары өшірілуі тиіс

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына толықтай тыйым салды
Фото: istockphoto.com

Аустралия үкіметі ірі әлеуметтік платформаларды пайдаланушылардың жасын тексеру кезінде шектеу әдістерін қолдануға шақырды. Бұл талап биыл желтоқсаннан бастап күшіне енетін жаңа заң аясында енгізілмек, деп жазады Azattyq Rýhy.

Заңға сәйкес, 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануына толық тыйым салынады.

Елдің электронды қауіпсіздік басқармасы (eSafety) жариялаған ұсынымда компанияларға қолданушыларды анықтау үшін жасанды интеллект пен мінез-құлық талдау технологиясын пайдалану ұсынылады. Мақсат – кәмелетке толмаған аккаунттарды анықтап, бұғаттау.

Аустралияның байланыс министрі Аника Уэллс әлеуметтік желі операторларын балалардың аккаунттарын жоюмен қатар, қайта тіркелуін болдырмауға және шағым беру жүйесін ашық етуге шақырды.

«Біз мұхитты бақылауда ұстай алмаймыз, бірақ акулаларды бақылай аламыз. Бүгін біз әлемге осыны қалай жасайтынымызды анық көрсеттік», – деді ол.

eSafety дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың басынан бері 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 95%-ы кемінде бір әлеуметтік желіні пайдаланған.

Жаңа заң жастардың психикалық денсаулығын қорғауға бағытталған. Компанияларға дайындық үшін бір жыл берілді. 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін кәмелетке толмаған қолданушылардың аккаунттары толықтай өшірілуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары