$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Швейцарияда жаңа жыл түні өрт болып, ондаған адам қаза тапты

Шамамен 100 адам жарақат алған

Швейцарияда жаңа жыл түні өрт болып, ондаған адам қаза тапты
Фото: bbc.com

Жаңа жыл түні Швейцария Альпісіндегі әйгілі Кранс-Монтана тау шаңғысы курортындақайғылы оқиға тіркелді. Танымал барда шыққан ірі өрт салдарынан ондаған адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Өрт түн ортасында шыққан

Кантондық Вале полициясының мәліметінше, өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:30-да тұтанған. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталған жоқ.

Билік өкілдері оқиғаның шабуыл немесе қасақана әрекет ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.

Құтқару қызметі жедел жұмылдырылды

Оқиға орнына қысқа уақыт ішінде полиция, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ірі күші тартылған.

«Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына полиция, өрт сөндіру және құтқару қызметінің ауқымды тобы дереу жетті», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу жұмыстары жалғасуда

Қазір жергілікті билік пен төтенше қызметтер қаза тапқандардың нақты санын анықтап, өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр. Жарақат алғандардың жағдайы медициналық мекемелерде бақылауда.

Серіктес жаңалықтары