$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тайвань Қытай қысымына жауап беріп, егемендігін қорғайтынын мәлімдеді

Президент өз ұстанымының өзгермейтінін атап өтті

Тайвань Қытай қысымына жауап беріп, егемендігін қорғайтынын мәлімдеді
Фото: Euronews

Қытайдың ауқымды әскери жаттығуларынан кейін Тайвань билігі аралдың қауіпсіздігі мен дербестігін қорғауға дайын екенін жариялады. Бұл туралы Eronews жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Президенттің жаңа жылдық мәлімдемесі

Тайвань президенті Лай Циндэ жаңа жылдық жолдауында елдің егемендігі мен еркіндігін табанды түрде қорғайтынын айтты. Оның сөзінше, Пекиннің «экспансионистік ниеттерінің» күшеюі халықаралық қауымдастықтың назарын Тайвань қоғамының өзін-өзі қорғау дайындығына аударып отыр.

Президент өз ұстанымының өзгермейтінін атап өтті. Ол — ұлттық егемендікті сақтау, қорғаныс әлеуетін күшейту және мемлекеттің тұрақтылығын арттыру.

Қытай әскері қандай сценарийді пысықтады

Бұл мәлімдеме Қытай қарулы күштері өткізген кезектен тыс әскери жаттығулардан кейін жасалды. Жаттығулар барысында аралды блокадаға алу сценарийі пысықталған. Маневрлерге құрлық әскерлері, әскери-теңіз күштері, авиация және зымыран бөлімшелері қатысқан.

Сарапшылар мұны Пекиннің Тайбэйге бағытталған әскери қысымды күшейтуі деп бағалап отыр.

АҚШ-тың қару-жарақ сатуы және қорғаныс бюджеті

Қытай жаттығулары АҚШ-тың Тайваньға 11 млрд доллар көлеміндегі қару-жарақ сату туралы шешімінен бірнеше күн өткен соң өтті. Бұған қоса, Тайвань билігі қорғаныс саласын нығайтуға қосымша шамамен 40 млрд доллар бөлуге ниетті екенін мәлімдеген.

Пекин мен Тайбэй ұстанымдары қайшы

Қытай Тайваньды өз аумағы деп есептеп, күш қолдану нұсқасын жоққа шығармайды. Ал Тайбэй іс жүзіндегі тәуелсіздігін, демократиялық жүйесін сақтауды басты мақсат деп санайды.

Серіктес жаңалықтары