ІІМ Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған қылмысты ашты

Күдіктілер араға 21 жыл салып ұсталып, кінәларын мойындады

ІІМ Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған қылмысты ашты
Видеодан скриншот

Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2005 жылдың маусымында елорданың шетінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

«Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмады. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Полиция Павлодар облысының екі тұрғынының қылмысқа қатысы барын анықтады. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кісі өлтіргендерін мойындады.

Белгілі болғандай, қылмыс олар мас күйде болған кезде туындаған жанжал барысында жасалған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.